Жусанбаева Алтынай Маратовна — педагог-психолог, №29 НОМ, Орал қаласы
Шағын орталықтағы 0,5 жүктеме үшін бухгалтерия B3 буынымен төлейді. Бірақ "Білім беру" саласындағы мамандар тізіміне сәйкес, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологы B2 буынына жатады.
Шағын орталықта педагог-психолог штаты 2021 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін бекітілмеді. Жұмыс берушінің ұйымдастырушылық кінәсінен 4 жыл бойы еңбек функцияларын орындай алмады.
Көрнекілік құралдары, кеңсе тауарлары, жарамды компьютер берілмеді. Барлық қажеттіліктер өз қаражатынан алынды. Компьютер вирусқа толы, құжаттар жоғалды, 5 флешка жарамсыз болды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап психолог кабинетін меңгергені үшін қосымша ақы төленбейді.
Наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына және 2025-2026 оқу жылы еңбек демалысына B2 буыны бойынша қайта есеп жасап, айырмашылықты толық төлеу.
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс істемей қалған 4 жыл кезеңі үшін шағын орталыққа төленуі тиіс еңбекақыны толық көлемде төлеу.
Жұмыс міндеттерін орындау үшін өз қаражатынан алынған көрнекіліктер, жабдықтар шығынын толық өтеу.
2022 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі күнге дейінгі кезең үшін қосымша ақыны қайта есептеп, толық төлеу.
№29 НОМ директоры Оразақаева Г.Ө., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бигазиева С.М. өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту.
Барлық фактілер, құжаттар және заңнамалық негіздер жүйеленген түрде ұсынылған